top of page

Капсулалар

ББҚ Фульво-гуминді биокешен ASPAN BIO

ASPANBIO product - Capsules

Негізгі әсері: Иммунитетті қорғау, физикалық және психикалық жүктемелерге бейімделу.


Жарамдылық мерзімі: 3 жыл.


Қолдану тәсілі: Күніне бір капсуладан күндізгі уақытта қабылдау керек. Сумен, шырынмен немесе шаймен ішіңіз.


Қарсы көрсетілімдері: Препараттың компоненттеріне жеке төзімсіздік.


Сақтау шарттары: Құрғақ, салқын жерде сақтау керек, күн сәулесінен қорғаңыз.


Белсенді заты: Фульво-гуминді биокешен, құрамында табиғи биоқолжетімді микро және

макроэлементтер бар (калий, магний, темір, кальций, фосфор, кремний, көміртек, селен,

мырыш, кобальт және көк йод), аминқышқыл фрагменттері, соның ішінде амин топтары,

пептидтер, коферменттер, энзимдер, сіркеқышқылды пробиотиктер, ферменттелген фульво

және гумин қышқылдары.


Пайдалы қасиеттері мен сипаттамасы:

ASPAN BIO фульво-гуминді биокешені — қуатты табиғи антиоксидант, ұзақ әсер ететін өнім,

желатиннен (Халал сертификатталған) жасалған капсула түрінде ұсынылған. Органикалық

фульво-гуминді кешен — жасуша деңгейінде ағзаның энергия резерві. Продукт

антимикробтық, паразитке қарсы, зеңге қарсы қасиетке ие, патогенді вирустарды басады,

токсиндер мен микотоксиндерді, ауыр металдарды және радиоактивті қосылыстарды ағзадан

шығарады. Аминқышқыл фрагменттері мен биоқолжетімді микро және макроэлементтердің

мол мөлшері күнделікті қажеттілікті өтейді, құрылымдық материалмен ағзаны байытып, әсіресе

вегетарианшылар үшін таптырмас өнім. Көк йодтың (биоқолжетімді, құрғақ түрінде, асқорыту

жүйесін тітіркендірмейтін) болуы ерекше маңызды — ол йод тапшылығының алдын алып,

гормоналды бұзылыстарды түзетуге көмектеседі. Бір капсулада 0.08 мг дейін көк йод бар.

Фульво-гуминді биокешен жасқа байланысты гормоналды бездердің өзгерістерін қалпына

келтіреді, гипоталамус, гипофиз, қалқанша без, тимустың жұмысын жақсартады, когнитивтік

функцияларды күшейтеді. Нейромедиаторлардың жұмысын жақсартып, жүйке жүйесін

реттейді. Меланин өндірісін күшейтеді. Буын қабынуы мен олардың қозғалыс шектеулілігі

мәселесін шешеді. Остеобласттардың өсуіне әсер етіп, остеопороздың және буын, сүйек, сіңір

өзгерістерінің алдын алады. Фульво-гуминді биокешен құрамындағы хелатты темір мен

биоқолжетімді селен бауырды қоректендіріп, қан түзілу үдерісін жақсартады, анемияның алдын

алады. Ішкі қан кету мен геморрой кезінде қан тоқтатушы әсер көрсетеді, тромбоциттер

санының артуын тудырмайды. Фульво қышқылдарын ферменттеу кезінде ағзаға өте қажет В14

дәрумені, PQQ коферменті (пирроло-хинолин-хинон), фумар қышқылы түзіледі. Бұл заттар

фульво қышқылдарымен бірге митохондрияға әсер етіп, жасушадағы негізгі энергия көзі —

АТФ-тың түзілуіне жағдай жасайды. Сондықтан ауыр физикалық және ақыл-ой еңбегімен

айналысатын адамдарға, спортшыларға бұл өнім қосымша энергия көзі ретінде пайдалы,

ағзаның тонусын және төзімділігін арттырады. Стресске төзімділікті күшейтеді, шаршаудың,

депрессияның алдын алады, гомеостазды қалыпқа келтіреді. Микроэлементтердің мөлшері өте

аз және бұл басқа ББҚ-мен қатар қабылдауға кедергі келтірмейді. Ағзадағы барлық

биохимиялық үдерістердің дұрыс жүруіне аз мөлшердегі биоқолжетімді минералдар жеткілікті.

Өнімнің мақсаты:

Иммунитет пен денсаулықты қорғау және қолдау, физикалық және ақыл-ой жүктемелері, саяхат,

альпинизммен айналысу кезінде және ұзаққа созылған аурулардан кейін қалпына келу кезінде

профилактика және оңалту.

bottom of page